02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №530

213 рет
көрсетілді
22 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 30 сәуір, Астана қаласы Шетел тасымалдаушыларының және әуе кеңістігін пайдалану қызметтері саласында мемлекеттік көрсетілген қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К.Сейдахметов): 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев _____________________ 2015 жылғы «___» _____________ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №530 бұйрығына 1-қосымша «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – Куәлік) беру -күнтізбелік 30 (отыз) күн; куәліктің телнұсқасын беру - жұмыс 2 (екі) күн. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап жұмыс 2 (екi) күн iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi түрде бас тартады; 2) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - куәлік, куәліктің телнұсқасын беру. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуді қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған құжат форматында жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы куәлікті қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық фор­матта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады. 7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушіде сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады. 2) портал: тәулік бойы, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш пен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; заңды тұлға (шетелдік тасымалдаушы) жарғысының көшірмесі; Қазақстан Республикасындағы шетелдік тасымалдаушының өкілдігі, филиалы туралы ереженің не бас агент жарғысының көшірмесі; Қазақстан Республикасында тиiстi қаржылық жылға жасалған әуежайлық қызмет көрсету шартының, агенттiк шарттардың көшiрмесi; шетелдік тасымалдаушы өкілдігінің, филиалының басшысына не бас агентке сенімхаттың көшірмесі. Куәлік жоғалған немесе бүлінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы куәлікті алу үшін келесі құжаттарды береді (егер бұрын берілген куәлік электрондық форматта ресімделсе): еркін нысандағы өтінішті; 2) порталда: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті; заңды тұлға (шетелдік тасымалдаушы) жарғысының көшірмесін; Қазақстан Республикасындағы шетелдік тасымалдаушының өкілдігі, филиалы туралы ереженің не бас агент жарғысының электронды көшірмесін; Қазақстан Республикасында тиiстi қаржылық жылға жасалған әуежайлық қызмет көрсету шартының, агенттiк шарттардың электронды көшiрмесiн; шетелдік тасымалдаушы өкілдігінің, филиалының басшысына не бас агентке сенімхаттың электронды көшірмесін береді. Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), өкілдікті, филиалды есептік тіркеу туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік органдарының мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: көрсетілетін қызметті берушіге: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, өтінішті тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады; портал арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі. Куәлікті, куәліктің телнұсқасын көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы өзі келген кезде, берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді. 3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi 11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-48-02. Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. 12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді. 4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар 13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған. 14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады. 15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. 16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан Өтiнiш Сiзден________________________________________________________________________________________ (авиакомпанияның атауы) шетелдік тасымалдаушыны тіркеуіңізді сұраймыз. Авиакомпания туралы мәлiметтер: 1. Меншiк нысаны _____________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ 2. Құрылған жылы ________________________________________________________________________________ 3. Заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiк немесе анықтама ______________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ (нөмiрi, кiм және қашан берді) 4. Банк деректемелері __________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ (ЖСК №, корреспонденттік шот, БСК, банктiң атауы және орналасқан жерi) 5. Заңды мекенжайы және басқа деректемелері _____________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ (пошталық мекенжайы, телефоны, телефаксі, телексі, телетайпы, телеграфтық және телефондық шартты шақырулары, ИКАО, ИАТА, СИТА, АФТН кодтары) 6.____________________________________________________________________________________________ (кәсiпорынның бiрiншi басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) 7. Қоса берiлген құжаттар_______________________________________________________________________ Авиакомпания басшысы: _______________________ ______________________ (Т.А.Ә.) (қолы, күнi) Өтiнiш 20 __ жылғы ____________ қарау үшiн қабылданды. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №530 бұйрығына 2-қосымша «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі не аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап жұмыс 2 (екi) күн iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анық­тал­ған жағ­дайда, көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi түрде бас тартады. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат). Көрсетілетін қызметті беруші берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесіне енгізеді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: мынадай мәліметтер көрсетілген рұқсат беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға еркін нысандағы өтінім: пайдаланушының атауы және толық пошталық мекенжайы; Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) коды және рейс нөмірі; әуе кемесінің типі, тіркеу нөмірі және радио арқылы шақыруы; әуе кемесі тіркелген мемлекет; әуе кемесі командирінің (негізгі және резервтік) тегі, экипаж мүшелерінің саны және олардың азаматтығы; ұшу мақсаты; жолаушылардың (жүктердің) болуы және олардың саны; жолаушыларды (жүктерді) жөнелту және жеткізу пункттері және аралық отырғызу пункттері; Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұшу бағытындағы әуе трассаларын, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне (кеңістігінен) кіру (шығу) нүктелерін көрсете отырып, әуе кемесі қозғалысының күні, толық авиамаршруты және кестесі; жүк жөнелтуші (толық атауы, мекенжайы, телефоны); жүкті алушы (толық атауы, мекенжайы, телефоны); навигациялық және байланыс жабдығының типі; бортта шет мемлекеттердің әскери құралымдарының, қару-жарағының және әскери техникасының болуы; әуежайлар және аэронавигация қызметтері үшін болжамды төлем нысандары; лауазымды адамның қолы, телефоны; 1) егер пайдаланушыны тіркеуші мемлекет Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болса, Қазақстан Республикасының аумағына қонбайтын халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға байланысты өтінімді қоспағанда, өтінімде көрсетілген мәліметтерді растау үшін мыналарды: пайдаланушы куәлігінің көшірмелері (болған жағдайда); әуе кемесін тіркеу туралы куәліктің көшірмелері; әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатының көшірмелері; үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық жауапкершілікті сақтандыру полисінің көшірмелері; жүк құжаттамасының (көрсетілетін қызметті берушінің жеке сұрау салуы бойынша ұсынылады) көшірмесі; 2) пайдаланушы «Әуеде қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтар» ИКАО - Doc. 9284-AN/905 басылымында Біріккен Ұлттар Ұйымының тізімі бойынша жіктелуі көрсетілген тізбесі белгіленген бортындағы қауіпті жүкпен халықаралық тұрақты емес ұшуды жүзеге асыру үшін: әуеде қауіпті жүктерді тасымалдауға байланысты қызметті жүзеге асыру құқығына пайдаланушы сертификатының көшірмелерін; пайдаланушының немесе жүк жөнелтушінің жүктің оралуы және таңбалануының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) белгіленген нормалары мен қағидаларына сәйкестігі туралы кепілдік хатының көшірмелерін ұсынады; 3) мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарын тасымалдау болып табылатын азаматтық әуе кемелерінің шетелдік пайдаланушыларының туристік чартерлік рейстері үшін: өтінімде көрсетілген рейсті жалға алушының туроператорлық қызмет көрсетуі үшін лицензия көшірмелерін қосымша ұсынады. 3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi 10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-48-02. Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі. Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымда: жеке тұлғаның - тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы; заңды тұлғаның - атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. 11. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді. 4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар 12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң www.mid.gov.kz («Азаматтық авиация комитетi» бөлiмiнiң «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» кiшi бөлiмiнде) интернет-ресурсында орналастырылған. 13. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдың «жеке кабинетi», сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар. 14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91, мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11305 болып енгізілді.